25/02/2021  Четверг

Прогноз погоды

История колледжа

20171214_143552Біздің колледж тарихы ұмытылмас сәттерге толы, сонау 59-ші жылдардан басталады.

Кеңес Одағының Жоғары үкімімен тың игеру аудандарында мамандар даярлау үшін кәсіптік-техникалық училищелердің ашылуын қажет етті.

1959 жылы 16 желтоқсандаҚызылту ауданының Степной ауылында Селолық кәсіптік техникалық училище -131(ССПТУ) ашылды. Алғашқы болып біржылдық оқу бөлімі. Училищенің бірінші директоры болып А.Г.Колесников сайланды.

1978 жылдан бастап үшжылдық мамандық алып шығу бөлімі ашылды басшысы Каркимбаев С.К.

1978 жылыучилище СПТУ 131 болып ауыстырылды.

1988 жылыҚызылту №16 Кәсіптік техникалық училище (ПТУ-16) енді №16 Кәсіптік техникалық мектеп (ПТШ-16) болып атын өзгертті.

2000 жылы«Білім туралы» Заңына сәйкес №16 Кәсіптік мектеп болды.

2008 жылы«Уәлиханов ауданының №16 «Кәсіптік лицейі» ММ болып ауыстырылды.

Біздің училищеміз тарихқа бай,өз дәстүріміз,түлеп ұшқан түлектеріміз бар.Училищеміз 20 мыңға жуық ауылшаруашылығына қажет мамандар даярлады. 20 жыл бойы еңбегін сіңірген Мажитов Қадыр Шадатұлы күні бүгінге дейін толғандырар сұрақтар мен мәселелерді шешуге көмектесті. Таланты басқарушының арқасында училище ауыспалы Қызыл Ту және Қазақ КСРО ауылшаруашылық Министрлігінің мақтау қағаздарымен марапатталды.

Мол жылғы еңбектерімен ұстаздар талмай өз білімдерін шәкірттеріне, жаңаша бағыт пен бағдар беруде еңбек етіп келеді. Олардың арасында Фель Владимир Васильевич өзінің еңбек жолын Степной елінде бастап,1998 жылы еңбек демалысына зейнеткерлікке шықты . «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, отыз жыл бойы бір орында шәкірттерін білім нәрімен сусындатуға мол еңбектерімен көзге түсіп жүрген ұстаздар аз емес. Олар: Сұлтанбеков М.М.,Сұлтанбекова Ж.Е, оқу өндірісінің шеберлері Тарасенко Е.Г, Мұханов Ж.Қ.

Кеңес дәуірінде құрылған училище осы уақытқа дейін саяси, экономикалық және әлеуметтік дағдарыстарды басынан өткерді.

Өткен дәуірдің тоқсаныншы жылдарындағы дағдарыс кезеңінде Әйткенов Тоқтар Әйткенұлы сияқты азамат училищені басқара отырып, күрделі жөңдеу жүргізіп, оқу шаруашылығын және техниканы жаңартты.

Училищеде ауылшаруашылық мамандықтары бойынша келесі мамандар даярланды:

«Кең профильді тракторшы-машинист»;

«Автомобиль жүргізушісі»;

«Құрылысшы»;

«Машинамен сауу шебері».

Училище осы мамандықтар бойынша оқып шыққан түлектерімен мақтана отырып, қол жеткізген жетістіктерінде «Социалистік Еңбек ерлері» атағына да қол жеткізді.

Олар: Е.Кадралин, А.Стецюк, В.Амбицкий. 2011 жылғы егін жинау науқанында біздің түлектеріміз Кажкенов Сабыр 1974 жылдың түлегі және Ескенов Мират 1995 жылдың түлегі жоғары нәтижеге жетті. Көптеген түлектеріміз өз оқуларын жоғарғы оқу орындарында жалғастырып, еліміздің түпкір-түпкірінде қызмет атқарады. Мысалы: ЖПБ –ның ТЕТ-тің аға МАИ полиция майоры Мухамеджанов Ж.Ж, «Нұр Отан» партия филиалы төрағасының орынбасары –Латыпова М.М кезінде училищенің «машинамен сауу шебері» мамандығының түлегі.

20171214_143552Солтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің 2012 жылғы 24 қаңтар № 222 қаулысына сәйкес Кәсіби лицей атауы «Уәлиханов ауылшаруашылық колледжі» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып ауыстырылды.

 

Оқу орнын басқарғандар:

Колесников А.Г. – 1959-1963 жылдары

Каркинбаев С.К. – 1963-1973 жылдары

Рахманов Ж.Ш. – 1973-1976 жылдары

Мажитов К.Ш. – 1976-1987 жылдары

Шаяхметов К.Ш. – 1987-1988 жылдары

Айтхожин Р.У. – 1988-1993 жылдары

Шарипов Ш.М. – 1993-1998 жылдары

Айткенов Т.А. – 1998-2003 жылдары

 

 

2003 жылдан бастап колледж директоры, ауған соғысының ардагері Ташкин Сайран Кенжетайұлы басқаруда.Қазіргі заманғы экономикалық жағдайларды бағдарлай біледі, ол жаңа болашағы бар кәсіптер бойынша мамандарды даярлаудың бастаушысы болып табылады.

 

http://ushk.skom.kz/images/stories/thumbnails/images-2017-11-nybq01-200x150.jpg

Колледждің қазіргі заман талабына сай материалдық – техникалық базасы бар. Колледждің жер учаскесінің көлемі 6532,3 ш.м құрайды, оның ішінде оқу корпусының көлемі 4424 ш.м. Оқу корпусында жабдықталған 25 оқу аудиториялары мен кабинеттері, 120 орынға арналған асхана, денсаулық сақтау пункті, спорт залы, қітапхана мен 60 орындық оқу залы, 200 орындық жатақхана бар.

 

59 жылдық тарихы бар Уәлиханов ауылшаруашылық колледжі Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылшаруашылық сала мамандарын даярлайтын бірден-бір оқу орны. Осы уақытқа дейін колледжден көптеген маман атанып шықты. Қазіргі таңда колледжде 4 түрлі мамандық бойынша мамандар даярлау жүзеге асырылуда.

Өмір ағымының жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда қалыптасуы педагогикалық ұжымның алдына жаңа міндеттер қойды. Материалдық-техникалық және кадрлық әлеует, ұжымның оңды тәжірибелік педагогикалық және инновациялық қызметі колледждің дамудың жаңа кезеңіне өтуін қамтамасыз етті. Бұл жағдай өз кезегінде колледж ұжымының алдына жаңа міндеттер қойды.

Бүгінгі күні колледж қабырғасында 154 студент білім алуда. Студенттерге колледждің 24 педагогикалық қызметкері дәріс береді, оның ішінде жоғары санатты – 5, І санатты – 3, ІІ санатты – 14 маман, 8 өндірістік оқу шебері, 1 зертханашы бар. Оқытушылар ұжымы – бұл замана талабына сай келетін сапалы мамандар дайындауға қажетті білім беру мен тәрбиелеудің ең қиын мәселелерін бірлесіп шешуге қабілетті ұжым.
Бүгінгі күні біздің алдымызда жаңа міндеттер тұр, олардың ең бастысы – агроөндірістік салаға қажетті мамандықтарды сақтау және дамыту, мамандар дайындау сапасы мен деңгейін көтеру.

 

Колледж мамандықтары:

Оқу орнында төмендегі мамандықтар бойынша дайындық жүргізіледі:

Мамандық: «Фермер шаруашылығы», біліктілігі - «Тракторшы- машинист», 2 жыл 10 ай;

Мамандық: «Фермер шаруашылығы», біліктілігі - «Аспазшы»,

Мамандық: «Фермер шаруашылығы», біліктілігі - «Бухгалтер»,

Мамандық: «Ветеринария», біліктілігі - «санитарлы -ветеринар» ,

Қазіргі заман ағымы мамандардың біліктілік деңгейіне жаңа талаптар қоюда. Сондықтан да, колледж ұжымы аймақтың қажеттілігін еске ала отырып, қазіргі замандағы экономикалық жағдайға бейімделген, бәсекеге қабілетті мамандар дайындау жолында қолдан келгеннің барлығын жасауда. Қазіргі таңда білім берудің жаңа технологиясын енгізу жөнінде белсенді жұмыстар атқарылуда.

 

 

 

 

 

 

 

Әлеуметтік әріптестік

Біздің колледждің әлеуметтік әріптестермен бірлесіп қызмет етуінің басты мақсаты – нарықтық экономиканың бүгінгі және ертеңгі талаптарына бейімделуге қабілетті білікті мамандар дайындауға көмек көрсету. Колледж әкімшілігі тарапынан білікті кадрларды дайындауда өзара тиімді әрекет ету мақсатында аймақтың кәсіпорындарымен тығыз байланыс орнатуда ауқымды істер атқарылуда. Жыл сайын мамандарды кәсіби дайындауда бірлесіп қызмет ету жөнінде практика базасы болып табылатын кәсіпорындармен шарттарға қол қойылады, олар облыстағы және аудандағы алдыңғы қатарлы ауылшаруашылық кәсіпорындары : «Агрофирма Қызылту – НАН» ЖШС — басшысы Дусурупов К.Т., «Жолдасбай - Агро» ЖШС — басшысы Жолдасбаев С.К., «Сагандыков» шаруа қожалығы — басшысы Сагандыков У.К., «Уәлиханов аудандық ветеринарлық станциясы» ПХВ — директоры Жумабеков Т.С., «Темирбек» шаруа қожалығы — директоры Темирбеков Ж.М., «ДЕМ» ЖШС– басшысы Есенбаев Т.Н., «Кзылту - Транс» ЖШС — басшысы Сейпилов Б.А., «Узбай» КХ — басшысы Маликов Н.А. «Ар» ЖШС — басшысы Жантлеуов К.К.

 

 

Студенттердің кәсіби тәжірибесі жақсы деңгейде өтеді, оған практиканттар жөнінде практика базаларынан келіп түсіп жатқан пікірлер мен мінездемелер куә.

Білім алушылардың бос уақытың қамтамассыз ету үшін Уәлиханов ауылшаруашылық колледжінде «Рукоделие», «Техническое творчество»және «Оформление блюд» үйірмелері мен спорттық секциялар жұмыс жасауда. Студенттер бейіміне қарай үйірмелер мен спорт секцияларына қатысады. Жалпы 121 студент үйірмелерге қатысуда.

Бүгінгі колледж

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру және ауылшаруашылығы үшін кадрларды дайындау жүйелі түрде жүргізілуде. Қазіргі таңда колледждің көрсеткіші қарқынды дамып келе жатыр. Студенттер мен ұстаздар тарапынан үлкен жұмыс жасалуда. Колледж, аудан, облыс деңгейінде студенттер көптеген іс-шараларға қатысып жүлделі орындарға ие болды. Колледж түлектері мамандық бойынша жұмыс жасап, болашаққа жол салуда.