06/03/2021  Суббота

Прогноз погоды

Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдығына арналған әдеби кеш

12-02-21-1

«Бүгін менің туған күнім. Ой, бәле –ай! Мына адамдар неге жатыр тойламай?! деп жырлаған Мұқағали Мақатаевтың туғанына биыл 90 жыл. Соны Республика бойынша ақпан айы басталғалы бері ақынды еске алу мақсатында түрлі іс – шаралар өтіп жатыр.

Соның бірі Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжінің кітапханасында өткен «Жырлайды жүрек» атты поэзия кеші. Шараның мақсаты – тыңдарманға рухани азық болатын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндер мен жаңа орындаушыларды анықтап, жастар арасында өнерге деген құштарлықты арттыру. Мұқағали мұрасын кеңінен насихаттау.
Шара барысында колледжіміздің 1 курс студенттері Амантай Айшат, Санькина Карина, Жасұлан Айдана, Нюденова Арина, Бижанов Архат және 3 курс студенттері Мажитова Қымбат, Балтина Жанна, Әмірғалы Карина, Әмірғалы Зарина, Ермекова Жайнагүл ақынның жырларын мәнерлеп оқыды. Мерекелік іс – шараның соңын Мұқағали Мақатевтың сөзіне, Нұрғиса Тілендиевтің әніне жазылған «Есіңі мені алғайсың» атты сазды әуенімен аяқтадық.

 

 

 

Баннеры